44 жастағы әйел 38 жастағы құрбысын асырап алған

44 жастағы әйел 38 жастағы құрбысын асырап алған
Фото: Көрнекі сурет Freepik.com

Оңтүстік Кореяда 44 жастағы әйел 38 жастағы құрбысын асырап алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NDTV.com-ға сілтеме жасап.

Юн Сон Ран мен Ли Эори 2016 жылдан бері дос болып, бірге өмір сүре бастаған. Кейін Сон Ран созылмалы бас ауруы салдарынан ауруханаға түскенде Оңтүстік Корея заңдары бойынша, науқас ол үшін маңызды шешім қабылдауға, тіпті емханаға отбасы мүшелеріне ғана келуге рұқсат берілетінін білген. 

Кейін 44 жастағы кореялық әйел 38 жастағы құрбысын асырап алуға шешім қабылдады. Ол үшін құрбысынан жасы үлкен екенін дәлелдеп, анасының разылығын алуы керек еді. Құжаттарды тапсырғаннан кейін асырап алу процесі 24 сағатқа созылды.

"Бар болғаны ауырған кезде бір-бірімізге қамқорлық жасау сияқты қарапайым нәрселерді қалаймыз. Бірақ Кореяда тек отбасы мүшесіне қамқор бола аласың", - дейді достар.

Ерекше бала асырап алу туралы жаңалық жергілікті әлеуметтік желілерде тарап, Юн Сон Ранды "Мен құрбымды асырап алдым" атты естелігін жазуға шабыттандырған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек