"Бір апта болды". Ақтауда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтауда бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы Ақниет Балқан іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

2007 жылы 12 ақпанда дүниеге келген Ақниет Балқан 27-52 үйден шығып кеткен. Ол 10 желтоқсаннан бері хабарсыз, содан бері оның қайда екені белгісіз.

Ерекше белгілері: бойы 160 см, орта денелі, шашы қара. Ақниет Балқанның қайда екені туралы білетіндер мына телефондарға хабарласуларын сұраймыз: +77009117292 немесе 102.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!