Қызылордада 18 жастағы қыз жоғалып кеткеніне екі күннен асты

Қызылордада 18 жастағы қыз жоғалып кеткеніне екі күннен асты
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қызылордада тұратын 18 жастағы Айтөреева Дариға Рауанқызы 17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оралмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда полиция басқармасы жоғалған қызға іздеу салды.

Ерекше белгілері: бойы: 1,50 - 1,55 сантиметр, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті.

Үстіне қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқ киім киген. 

"Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуызды сұраймыз", - делінген Қызылорда полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан