"Қаншалықты ауыр болғанын айту қиын". Марқұм Арман Дүйсеновтің жары халыққа үндеу жолдады

"Қаншалықты ауыр болғанын айту қиын". Марқұм Арман Дүйсеновтің жары халыққа үндеу жолдады
Фото: Фотоскрин

Танымал композитор, марқұм Арман Дүйсеновтің жары өнер иесінің әлеуметтік желідегі парақшасын қайта жалғастыратыны туралы үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Композитор дүниеден өткеннен кейін оның желідегі парақшасы да өзгеріссіз болған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арман Дүйсенов (@arman_duisenov_official)

"Ардақты ағайын!
Біздің әулетіміздің ғана емес, тұтас елдің сүйікті перзентіне айналған Арман Дүйсеновтей азаматтың дүниеден көшкеніне жылға толуға айналды. Осы бір жылдың біздің отбасымыз үшін қаншалықты мұңлы, қаншалықты ауыр болғанын айтып жеткізу қиын. Әкесін іздеген ұл-қызыңның жәудіреген жанарына шарасыз күйде қараудан ауыр не бар? Осы қайғыны жан жүрегімен сезініп, біздің қайғымызды бөліскен қалың жұртқа Алла разы болсын! Мұндай сынақты енді ешкімнің басына бермесін. Арманның асыл бейнесі, аңқылдаған ақ жүрегі, әсем әндері талайдың жанын баурағаны сөзсіз, оны елдің іздейтіні де содан болса керек. Оның әлеуметтік желідегі парақшасын өшірмеуімізді, қайта оны тұрақты жүргізуімізді өтініп сұраушылардың да қарасы қалың. Арманның екінші өмірі жалғасқанын, оның елімен бірге жасағанын біз де қалаймыз. Сондықтан Арманның әлеуметтік парақшасын қайта жаңғыртуды жөн санадық. Мұнда Арманның әндері, композициялық шығармалары, жасаған бағдарламалары жарияланады. Бұл жұмыстарға сіздердің де көмектеріңіз тиеріне сенеміз. Осылайша Арманның асыл бейнесі бәрімізбен бірге жасайтын болады. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін", – делінген жазбада. 

Желі қолданушылары композитордың өмірден өткеніне жыл толуына орай еске алып, естеліктері мен тілектерін білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы