"Мені сотқа берді". Танымал композитор Айқын Төлепбергеннен ақша сұраған

Әнші Айқын Төлепберген орындап жүрген "Отыздан асып барамын" әнінің авторы өнер иесін сотқа бермек. Бұл туралы "Айнаline" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Композитор Садық Қанаттың айтуынша, ән осыдан 30 жыл бұрын жазылған.

"Отыздан асып барамын" әнін 1993 жылы өзімнің 40 жасыма жазғанмын. Қазір 70-темін. Мұны ауылда отырыстарда "қырықтан асып барамын" деп айтып жүрдім. Кейін әншілер сұрағаннан кейін Мұқағалидың сөзіне жазылған әнге айтып жүрдім. Көп жерде менің әнім екенін біледі. Ал Айқын Төлепберген орындаған кезде менің аты-жөнімді айтпайды. Оған хабарласқанымда "бұл ән сіздікі емес, Тұрсынғазы Рахимовтан алдым" дейді. Адам ішінен шыққан туындысын ешкімге бермейді ғой", - деді ол.

Ал Айқын Төлепберген бұл композитордың айтқанымен келіспейтінін айтты.

"Маған хабарласып, Отыздан асып барамын" әнінің авторымын деді. Баласы хабарласып, ақша сұрады. Содан кейін мен авторлық қоғамға сұраныс жібергенде әннің авторы басқа адам деп жазылған. Кейін ағайға хабарласып, мұны айттым. Мені сотқа берді, бірақ мен ұтып шықтым. Сөйтіп, мәселе жабылды", -деді Айқын Төлепберген.

Алайда, Тұрсынғали Рахимовтың жары Садық Қанаттың сөзін растады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!ж