Шымкентте бірден үш көлік соқтығысты: жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Шымкентте бірден үш көлік соқтығысты: жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: Tengrinews.kz

Шымкентте Арғынбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, бірден үш көлік соқтығысқан: Mercedes, Opel және Nexia. Қатты соққыдан Mercedes 200 метрге ұшып кеткен, содан кейін ол түтіндей бастаған, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Өрт дер кезінде сөндірілді. Қазір мамандар апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Ауруханаға түскен ер мен әйелдің жағдайы әзірше белгісіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан