Енді "Сергек" көлікте ұялы телефон ұстаған жүргізушілерді де бақылайды

Енді "Сергек" көлікте ұялы телефон ұстаған жүргізушілерді де бақылайды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті "Сергек" камераларына тағы қандай заңбұзушылықтар тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, Алматы мен Астанада құқық бұзушылықтың жаңа түрлері бойынша пилоттық жоба қазірдің өзінде іске қосылған.

"Біз қазірдің өзінде пилоттық жобаны қолданып жатырмыз. Пилоттық режимде кейбір қалаларында, Алматы мен Астанада осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Пилоттық жобаны аяқтағаннан кейін бұл мәселені шешуге тырысамыз. Соның ішінде ұялы телефон, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану. Біз мұндай заңбұзушылықтарды алдағы уақытта "Сергек" арқылы анықтаймыз", - деді Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина