Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан оқушылар мен мұғалім қаза тапты: комитет мәлімдеме жасады

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан оқушылар мен мұғалім қаза тапты: комитет мәлімдеме жасады
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан жолда қаза тапқан оқушылар мен мұғалімдердің отбасына қолдау көрсетіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдері хабарлады. 

"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Жол-апатының мән-жайы анықталып жатыр. Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі, оқушыларға қажет психологиялық көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада. 

Білім беру ұйымдарының басшыларына қысқы кезеңде балаларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан оқушылар мен мұғалім қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қайғылы оқиға Самар-Шымкент тасжолының бойында, Қызылжар ауылының тұсында болған. Апатқа ұшыраған Toyota Alphard көлігінің ішінде 7 адам болған. Оның бесеуі - оқушы. Олар Жаныс би ауылынан Ырғызға олимпиадаға қатысу үшін бара жатқан.

Алдына ала мәлімет бойынша және куәгерлердің айтуынша, апат салдарынан үш адам қаза болған. Оның екеуі - оқушы, біреуі - педагог. Олар республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысу үшін жеке көлікпен шыққан. Білім басқармасының тарапынан қатысушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бұйрық болған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина