Қыста Астанада коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істеп жатыр?

Қыста Астанада коммуналдық қызметтер қалай жұмыс істеп жатыр?
Фото: Астана қаласы ІСБ

Қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде, кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ маршруттарды белгілеу арқылы жүргізіледі. Бірінші кезекте, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, сол сияқты жарықтандыру қосылған.

Қыс мезгілінің басынан бері және жауын-шашын жауғаннан бері қар полигондарына 100 мың текше метрден астам қар шығарылды және 6600-ден астам рейс жасалды.

Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz