18 жастағы такси жүргізушісі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті: полиция үндеу жасады

Полиция 18 жастағы такси жүргізушісі жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне қатысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция хабар-ошарсыз кеткен адамды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Байқоңыр ауданы Полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгініп, жалға алынған "Chevrolet Cobalt" маркалы көлікпен үйден шығып кеткен 18 жастағы ұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш білдірген. Оның сөзінше, ұлы жеке тасымалдаумен айналысады.

"Жігітті іздеуге Астана қаласы ПД жеке құрамы мен берілген күштер бағдарланды. Адамдар көп жиналатын жерлер, жатақханалар мен қонақүйлер тексеріліп жатыр, хабар-ошарсыз кеткен адамның араласатын ортасы анықталып, бейнебақылау камералары қаралып жатыр. Тексеру барысында оның Астана қаласынан Қарағанды қаласына шығып, Алматы облысына келгені анықталды", - делінген хабарламада.

Полицейлер хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жері туралы ақпараты бар азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің телефондарына қоңырау шалуды сұрайды: 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда 18 жастағы такси жүргізушісі із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!