Енді Алматыда Sergek жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеп отырады

Алматыда Sergek жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеп отырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Талдау нәтижесінде биыл 11 айда 556 жаяу жүргінші қаза тапқаны анықталды, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде көз жұмған. Жүргізуші тәртібін арттыру жол апаттарының азаюына ықпал етеді", - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Заңбұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабына сәйкес "Жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу" тіркеледі. Мысалы, автокөлік жаяу жүргіншіден кейін жүрсе, бұл жол жүрісі қағидасын бұзу болып саналмайды. Ал егер жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермесе және тоқтамаса, оған айыппұл салынады. Егер жаяу жүргінші де, көлік құралы да бір қиылысу аймағында болса, бұл әкімшілік құқықбұзушылық болып тіркеледі.

"Біздің интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қауіпті жүргізушілерді анықтайды. Жаңашылдықтардың бірі - жаяу жүргіншілерді өткізбейтін жүргізушілерді тіркеу", - деді ведомство өкілі. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!