Алматы облысында энергетика басқармасы басшысының орынбасары жол апатына ұшырады

Алматы облысында энергетика басқармасы басшысының орынбасары жол апатына ұшырады
Фото: instagram/elitar.kz

Алматы облысындағы тасжолда Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Абдуқадиров жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ELITAR.KZ парақшасына сілтеме жасап.

Жарияланған мәлімет бойынша жол апаты 18 желтоқсан күні сағат 8:00-де Алматы-Бішкек тасжолында Беріктас ауылынан үш шақырым жерде болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ELITAR.KZ (@elitar.kz)

Мақсат Абдукадиров Lexus LX470 көлігін жүргізген. Айналма жолға шығып келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, айналма жолдан шығып бара жатқан VOLVO FN 420 жүк көлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Мақсат Абдуқадиров оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарымен Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде кішкентай балалары (1991, 2015, 2018, 2021 ж.т.) жеткізілді. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы белгісіз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы