"Алып беру қиын емес". Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әйелі мәһрге не сұрағанын айтты

"Алып беру қиын емес". Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әйелі мәһрге не сұрағанын айтты
Фото: Фотоскрин

Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мәһр туралы "Ne boldy" youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта діни уағыздарды бақылауға алмағандықтан мәһр маңызды мәселеге айналған.

"Біз діни уағыздарды бақылауға алмадық. Қазақстанның Конституциясында мәһр деген сөз жоқ. Бізде қолданыста жоқ ондай сөз. Салт-дәстүр бойынша қалың мал деген болды. Ал алмай жатқан әйелің "мынаны әпер, ананы әпер" десе оған үйленген сен ақымақсың. Бұл діни нәрсенің нормативі жоқтығынан деп ойлаймын. Екіншіден, ер мен әйелдің ниетінің таза еместігінде. Махаббат деген шынайы бір-бірін сүйсе, ештеңеге қарамайды", - деді депутат. 

"Келіншегіңіз мәһрге не сұрады?" деген сауалға да депутат жауап берді.

"Үйленгеніме 20 жыл болып қалды ғой. Келіншегімнің не сұрағаны есімде жоқ. Сұраса сұраған шығар, әрі кетсе сақина сұрайтын шығар. Әйел адам өзі алтынға қызыққыш болады. Алып беру қиын емес, онда тұрған түк те жоқ қой", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы