"10 млн теңге". Танымал блогер айлық шығыны мен табысы туралы айтты

"10 млн теңге". Танымал блогер айлық шығыны мен табысы туралы айтты
Фото: Желіден

Танымал блогер, әлеуметтік желіде "супер Мамасита" деп танылған Әлия Байтуғаева айлық шығыны туралы "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасында айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, орта есеппен айына 10 млн теңге кетеді.

"Үйге керек-жарақ алып, балаларды бағуға және қалағанымызды алу үшін айына орта есеппен 10 миллион теңге ақша керек. Бұрын "Әлия, өл-тіріл, айына мынанша табу керексің" деп талап қоятынмын, соған жету үшін әрекет жасайтынмын. Қазір ондай жоғары талап жоқ, жинап қойғаным бар. Айына қанша теңге бұйырады, сол ризық келіп жатыр. Бастысы жұмысымды рахаттанып істеймін, ал рахаттанып істеген жұмысың міндетті түрде жақсы табыс әкеледі", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы