Қарағандыда 18 жастағы такси жүргізушісі із-түзсіз жоғалып кетті

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап.

Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алады. Куәгерлердің айтуынша, кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін байланысқа шықпаған. Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігінде такси қызметімен айналысқан.

Полицейлер Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 ​​телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!