"50-60 жастағы апалар сияқты". 17 жыл құлдықта болған қыздарды сұлулық салонына апарған журналист көпшіліктің сынына қалды

"50-60 жастағы апалар сияқты". 17 жыл құлдықта болған қыздарды сұлулық салонына апарған журналист көпшіліктің сынына қалды
Фото: Фотоколлаж

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде қыздарды мереке қарсаңында сұлулық салонына апарған видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист мерекеде екі қызға көңіл-күй сыйлау мақстатында шашын әсемдеуге апарған.

@ruslan_utepbai

Мереке қарсаңында Назгүл мен Құндызды сұлулық салонына апарып, шаштарын әсемдеп, қалыпқа келтіріп қайттық?

♬ оригинальный звук - Ruslan_utepbai

"Мереке қарсаңында Назгүл мен Құндызды сұлулық салонына апарып, шаштарын әсемдеп, қалыпқа келтіріп қайттық. Қыздар әдемі болып кеткен бе?" - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бейнежазбаға "неге кішкентай қыздарға ұқсатып бірдей киіндіріп қоясыздар. Өздері таңдап кие алатын шығар", "50-60 жастағы апалар сияқты", "кішкене өсу керек шығар шаштары, әйтпесе апай болып қалды", "шашын басқалай жасаңыздаршы", "тым кәрі етіп көрсетті" деп жазды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы