"Екінші жары". Нұржан Керменбаевтың жас әншімен түскен видеосы қызу талқыға түсті

Фото: Видеоскрин

Әнші Нұржан Керменбаев Kesh You тобының экс-мүшесі Элизабет Беріковамен түскен видоесы желіге тарады. Желі қолданушыларын әншінің бұл жаңалығы таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі Tik-Toк парақшасында Элизабет Беріковамен бірге қол ұстасқан видеосын жариялады. Желі қолданушыларының сұрағына әнші "клип емес" деп жауап жазған. Сондай-ақ, "бақытты болыңыздар" деп тілегін білдірген оқырмандарына да алғысын білдірген.

@nurzhankermenbayev

❤️

♬ Жаным Арманым. Nurzhan Kermenbayev - Nurzhan Kermenbayev

"Не деген көзқарас, не деген махаббат", "жарасып тұр екеуі", "оранған келіншегіңіз бар еді ғой", "екінші жары, 4-еу бұйырсын", "тоқал емес пе" деп жазды желі қолданушылары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы