АҚШ Сауда министрлігі қазақстандық компанияның қызметіне шектеу енгізді: бұл нені білдіреді?

АҚШ Сауда министрлігі қазақстандық компанияның қызметіне шектеу енгізді: бұл нені білдіреді?
Фото: By Bill Clark/CQ Roll Call

2023 жылғы 7 желтоқсанында қазақстандық Elem Group ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының тізіміне (entity list) енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі бұған қатысты түсінік берді.

"2023 жылдың мамыр айынан бастап Elem group ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбейтінін атап өткен жөн. Енгізілген шектеулер бұдан былай АҚШ жеткізушілері аталған тізімге енген компанияларға арнайы лицензиясыз америкалық тауарларды жібере алмайтынын білдіреді", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство АҚШ Сауда министрлігінің шектеулеріне ұшыраған компаниялар америкалық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, өз қызметін жалғастыра алатынын мәлімдеді.

"Тізімде Германия, Жапония, Бельгия, Ұлыбритания сияқты тағы басқа дамыған елдердің кәсіпорындары да бар.  Бұл қайталама санкциялар емес екенін ескеру маңызды, яғни АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) санкциялар тізіміне жатпайды (SDN list)", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан