Шымкентте көпқабатты үйде өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды

Шымкентте көпқабатты үйде өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды

2023 жылғы 18 желтоқсанда 14:10-да Тұран ауданы Қонаев даңғылы 91-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр болатын ас үй мен лоджия өртенді.

"Өрт 14:48-де сөндірілді. Баспалдақпен екі адам құтқарылды. Баспалдақ маршымен 50 адам өз бетінше эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан