Жүрегі тоқтап қалған. АПЛ-дың 17-турнда күтпеген жағдай болды

Жүрегі тоқтап қалған. АПЛ-дың 17-турнда күтпеген жағдай болды
Фото: Фото: championat.com

Матч кезінде АПЛ ойыншысының жүрегі тоқтады

Ағылшын премьер-лигасының 17-туры аясында өткен Борнмут пен Лутон Таун арасындағы матч уақытынан бұрын тоқтатылды. Себебі ойынның 62-ші минуытында Лутон Таун командасының капитаны Том Локьер алаңда есінен танып қалған. Абырой болғанда дәрігерлер оған дер кезінде көмек көрсетіп, зембілмен алаңнан алып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап. 

Қос команда арасындағы тартысты кездесуде есеп 1:1 болатын. Болған жағдайдан кейін ойын тоқтатылып, футболшылар алаңнан кетті. Локьер алып кеткеннен 20 минут өткенде матчтан бас тарту туралы шешім қабыллданды. 

Ресми сайтта "Лутон" том Локьердің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасап, футболшы ауруханаға ауыстырылғанын айтты. Сондай-ақ футболшының жағдайы тұрақты екенін, қазіргі уақытта тексеріліп жатқанын және отбасымен бірге екенін атап өтті.

"Біздің медициналық қызметкерлер команда капитанының алаңда жүрегі тоқтағанын растады. Бірақ оны зембілмен алып кеткен кезде есін жиды. Ол стадионда одан әрі емделді. Ол үшін біз екі команданыңда медицина қызметкерлеріне алғыс айтамыз", - деді клуб мәлімдемесінде.

Локьерде мұндай оқиға бұған дейін де болған. Уэльс құрамасының ойыншысы 2023 жылдың мамырында Чемпионшиптің плей-офф кезеңіндегі Ковентри Ситиге қарсы матч кезінде есінен танып қалды. Стадионнан бірден ауруханаға жіберілген. Содан кейін оған жүрекше фибрилляциясы диагнозы қойылды. Алайда ота сәтті жасалып ол футбол мансабын жалғастыра алған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов