10 күнде 10 келіге арықтаңыз. Диетаның жаңа түрін дәрігерлер неге құптамайды?

10 күнде 10 келіге арықтаңыз. Диетаның жаңа түрін дәрігерлер неге құптамайды?
Фото: pixabay

Көбісі жұмыртқасыз таңғы асты елестете алмайды. Ал таңғы асқа, түскі және кешкі асқа жұмыртқа жесеңіз не болады? Диетаның жаңа тәсілі әлеуметтік желілерде танымал бола бастады. Бұл салмақ жоғалтуға көмектесе ме? Әлде ағзаға салдары бола ма, жоқ па? Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап бұл сұраққа жауап іздеп көрді.

Сіз тек жұмыртқамен 10 күн қоректене аласыз ба? Мұндай экспериментті қазір Tik Tok пайдаланушылары жасап көруде. Зиянды диетадан өткендердің кейбіреулері 10 келіге арықтады деп сендіреді.

Жаңа тамақтану жоспары Былай: 

Таңғы ас

  • 3 пісірілген жұмыртқа (тұздалған болуы мүмкін)
  • Қантсыз жасыл шай

Түскі ас

  • 3 пісірілген жұмыртқа
  • 1 жасыл алма
  • Қантсыз жасыл шай

Кешкі ас

  • 3 пісірілген жұмыртқа
  • 1 жасыл алма
  • Аздап сүт қосылған бір кесе жүгері немесе сұлы майы 
  • Қантсыз жасыл шай
  • Тіскебасар ретінде сәбіз немесе апельсин жеуге рұқсат етіледі.

Фото: pixabay

"Мұндай күнделікті диетада тек 900 калория бар. Сонымен қатар, жұмыртқаға бай ақуыз аштықты басады және көмірсуларға қарағанда ұзақ қорытылады", - дейді жұмыртқа диетасын ұстанатындар.

Алайда, бәрі бірдей жұмыртқаны 10 күн жей алмайды. Қыздардың бірі диетаның соңында өзін нашар сезініп, мұндай тамақтану жоспары денсаулыққа зиянды деген қорытындыға келгенін айтты. Ол 5,5 килограм артық салмақтан арылғанымен, қыз өз денсаулығын бұдан әрмен құртқысы келмейді.

Тағы бір тиктокер сегіз күн бойы осы диетаны ұстап 6 келігі арықтады. Бірақ бірде-бір диетолог мұндай диетаны құптамайды. 

"Ең алдымен, егер адам салмағын жоғалтқысы келсе, онда жемістерді жеуге болмайды деп айту керек. Өйткені жемістерде фруктоза, сахароза және глюкоза көп мөлшерде болады. Ал жұмыртқаға келетін болсақ, бұл тек 60-70 ккал болатын керемет өнім. Бұл керемет ақуыз, жақсы май мен дәрумендердің көзі. Дегенмен, тек жұмыртқаны жеу физиологиялық түрде өте зиян ", - дейді диетолог Галина Ильенко.

Сондай-ақ дәрігер артық ақуыз ұйқы безіне үлкен жүктеме беретінін жеткізді. Сонымен қатар, мұндай диета ас қорыту үшін өт қабына өт бөлігін өткізуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты іш қату басталады. Өт шығару және ас қорыту проблемалары болмауы үшін диеталық талшық қажет екенін айтты. 

Фото: pixabay

Диетаның басқа жанама әсерлерінің арасында дәрігер тамақ ішкеннен кейінгі ауырлық пен ауыздан шыққан иісті атайды.

"Жалпы алғанда, ақуыздың тәуліктік мөлшері көмірсулардан төрт есе аз болуы керек. Айталық, адам күніне 70 грамм ақуыз жейді. Демек, көмірсулар 280-300 грамм болуы керек", - деп түсіндіреді диетолог.

Сарапшының айтуынша, мұндай моно диеталар тез нәтиже бере алады. Бірақ барлығы сіздің денсаулығыңызға байланысты. Ал арылған артық салмақ лезде қайта оралады екен. 

Сонымен қатар, мұндай диетада калория мөлшері тым аз. Сонымен, отырықшы өмір салтымен салмақты сақтау үшін әйелдерге 1500 ккал, еркектерге-1800-2000 ккал жеткілікті. Дәл осы диетада тек 900 калория бар. Диетаны осындай мәндерге дейін қысқарту денсаулыққа өте қауіпті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов