Синоптиктер желтоқсанның бірінші онкүндігіне шолу жасады

Синоптиктер желтоқсанның бірінші онкүндігіне шолу жасады
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер желтоқсанның бірінші онкүндігіне шолу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желтоқсанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон көбінесе нормадан жоғары болған, жауын-шашын норма шамасында, кейбір аудандарда нормадан жоғары болды.

Түнгі уақытта ауа температурасының минус 6...12°С дейін төмендеуі, кей жерлерде 18...21°С (Жетісу облысы), жеке учаскелерде қар жамылғысы болмаған жағдайда елдің оңтүстігі мен оңтүстік – шығысында күздік дақылдарды үсік шалуы мүмкін. Орташа тәуліктік ауа температурасының төмендеуі барлық бақылау учаскелеріндегі күздік бидайдың вегетациясының тоқтауына әкелді.

Күздік бидайды түптеу тереңдігіндегі топырақтың ең төменгі температурасы көбінесе оң болды, топырақтың қатуы байқалмады.

Жайылымдық мал шаруашылығы аудандарында мал жаю барлық жерде жүргізілді, Атырау облысының Құрманғазы ауданында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында жемшөпті қыстақтарға тасымалдау жалғасуда, аналық мал мен жас малдарды азықтандыру жалғасып жатыр.

Жайылымдардағы шөптің жай-күйі көбінесе қанағаттанарлық, кейбір жайылымдарда жақсы. Жайылымдар орташа, кейбір аудандарда әлсіз тапталған. Алматы облысының Жамбыл ауданында және Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында қатты тапталған.

Жайылымдық мал шаруашылығының басым бөлігінде шымтезек қатқақ күйде, Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстарының кейбір жайылымдарында дымқыл болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина