5 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ауа райының нашарлауына байланысты (төмен температурада нөсер жаңбыр, боран) 5 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысы: "Үшарал-Достық" автожолында, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі учаске (100 шақырым). Шектеу ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) көліктің барлық түрлеріне енгізілді. Жиналған көлік саны – 68 жүк көлігі.

Алматы облысы: "Алматы-Ташкент-Термез" автожолында облыс, Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаске (84 шақырым). Шектеу Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді және көліктің барлық түрлері үшін қолданылады. Көліктің жиналуы жоқ.

Атырау облысы: "Ақтөбе-Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы (Астраханьға)" 712-893 шақырым, Жанбай кенті Ресей Федерациясының шекарасына дейін (Астраханьға). Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады (жаңбыр, көктайғақ).

Жамбыл облысы (жиынтық 600 шақырым): "Алматы-Ташкент-Термез", Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі учаске (Жаңа Қордай асуы) - 95 шақырым; "Шу-Қайнар" - 56 шақырым; "Алматы-Ташкент-Термез", Қайнар ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі учаске-354 шақырым; "Алматы-Ташкент-Термез", Алматы облысынан Қайнар ауылына дейінгі учаске-95 шақырым. Шектеу ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді (нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ) және көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Қайта жабылған учаскелерде 50 автомобиль, оның ішінде 30 жүк және 20 жеңіл автомобиль жиналды.

Түркістан облысы: "Алматы-Ташкент-Термез" автожолында, Машат ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учас2ке (62 шақырым). Шектеу Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты енгізілді және көліктің барлық түрлері үшін қолданылады. Көліктің жиналуы жоқ. Жалпы, қазіргі уақытта шектеу республикалық автожолдардың 846 шақырым енгізілген. Жаңадан жабылған учаскелерде 118 көлігі, оның ішінде 98 жүк және 20 жеңіл көлік жиналды. Республикалық маңызы бар автожолдарда көктайғаққа қарсы және қар тазалау жұмыстарын жүргізетін 260 техника жұмылдырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!