Кувейт әмірі Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах қайтыс болды

Кувейт әмірі Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах қайтыс болды
Фото: Noufal Ibrahim/aljazeera

Кувейт әмірі қайтыс болды. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарнасы хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Al Jazeera арнасына сілтеме жасап.

Әмір 86 жаста болған. Қарашаның аяғында оның "денсаулығына байланысты" шұғыл ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах Кувейтті 2020 жылдан бері басқарып келеді. Ол әмірлік лауазымды туған ағасы IV Сабах қайтыс болғаннан кейін алды.

Ас-Сабах әулеті Кувейтті XVIII ғасырдың ортасынан бастап билеп келеді. Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер осы әулеттің он алтыншы билеушісі және Кувейт Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алтыншы әмір болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан