Қыста үйдің ауасын қалай тазарту керек? Дәрігер түсіндірді

Қыста үйдің ауасын қалай тазарту керек? Дәрігер түсіндірді
Фото: unsplash.com

Бөлменің ауасын қай мезгілде болсын, тіпті қыста да тазартып тұру қажет, өйткені таза ауа ағзаны оттегімен қанықтыруға көмектеседі. Жалпы тәжірибе дәрігері Лариса Алексеева суық тигізбей бөлмені қалай дұрыс тазартуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, бөлмеде бір күннің ішінде түрлі микроб, шаң жиналады, бұл өз кезегінде адам денсаулығына зиян. Ал бөлмеде бірнеше адам болса, таза ауа азайып, тыныс алу қиындайды. 

"Егер терезені ашып, бөлменің ауасын тазаламасаңыздар, метан, альдегид және аммиак жиналады. Бұл адам үшін зиян заттар. Бұл заттардың әсерінен адам шаршап, ұйқышыл болып, күнделікті өнімділігі төмендейді", - деді ол.

Лариса Алексеева бөлме ауасын тазартып тұруға ерекше назар аудару керегін ескертті. Дегенмен бөлме ауа тазарту кезінде ауа температуасын төмендетіп алмау маңызды, әйтпесе адамға суық тиіп қалуы мүмкін. 

Маман сөзінше, суық тигізбей бөлме ауасын тазарту үшін ауа тазартқышты қолдануға болады. Ад егер оны сатып алуға мүмкіндік болмаса, күн сайын әр бөлменің терезесін 10-15 минутқа ашып, желдету керек.

"Бөлме температурасы тым төмен түсіп кетпеуі үшін терезе сыртындағы ауа райына мән беріңіз. Бұдан бөлек, бөлмені түнде, ұйықтар алдында желдетіп тұрған да дұрыс. Себебі ғалымдар ауасы таза бөлмеде ұйықтау әлдеқайда пайдалы екенін дәлелдеген. Бұл үшін ұйықтар алдында терезені ашып, көрпемен жақсылап оранып 15 минут жата тұру керек", - деп кеңес берді Лариса Алексеева.

Айта кетейік, бұған дейін бөлме ауасын ылғалдандырудың жолдары хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Келесі жылы қандай түстер сәнде болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә