Кардиолог аязда серуендеудің ағзаға тигізер 4 пайдасын айтты

Кардиолог аязда серуендеудің ағзаға тигізер 4 пайдасын айтты
Фото: pixabay.com

Аязда жүру кейбір адамдарға ұнамайды. Өйткені суықта қол-аяқ тоңып, бет терісі жарылады, суық тию қаупі жоғары. Алайда кардиолог Алексей Жито мұндай ауа райы адам ағзасына пайдалы дейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Аяз адам ағзасына несімен пайдалы?

Суық ағзаны қатайтып, иммунитетті күшейтеді, мұрын мен тамақтың шырышты қабығының тамырлары кеңеймейді, дене температурасы көтерілмейді, сондықтан зиянды микроағзаның көбеюі әлдеқайда қиын. Жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің жұмысы жақсарады.

Біріншіден, адам аязда жылдам жүреді, тіпті жүгіреді, ал бұл физикалық белсенділікке тең.

Екіншіден, коньки мен шаңғы тебу денсаулықты нығайтады.

Үшіншіден, төмен температура стресспен күресуге көмектеседі. Ғалымдар аязда серуендеу бақыт гормоны - серотонин өндірісіне ықпал ететінін дәлелдеген. 

Дегенмен суықта серуендеу пайдалы екен деп сыртта ұзақ уақыт жүріп суық тигізіп алмаңыз. Сондықтан, аяқ-қолыңыз үсіп, дене мұздап қалмауы үшін кардиологтың бірнеше кеңесін үнемі есте сақтаңыз. 

  • Сыртқа шығар алдын жақсылап тамақтанып алыңыз. Жеген тамағыңыздың құрамында май мен ақуыз болуы керек, сондықтан ет жеген дұрыс.
  • Қалың киініп алыңыз. Қысып тұратын, джинс пен белбеу, жұқа киімнен мүлде бас тартыңыз. Киім бос және қалың болуы керек, бірнеше қабат кисеңіз де болады. Қолғап, шұлық, қалпақ пен шарф туралы да ұмытпаңыз.
  • Зергерлік бұйым тақпай-ақ қойсаңыз болады. Сақина, сырға, білезік секілді бұйымдардың салқындайтыны соншалық, саусағыңыз бен құлағыңыз үсіп қалуы мүмкін.
  • Жеткілікті мөлшерде су ішіңіз. Сіз суықта шөлдемегеніңізбен, ағзаны ылғалдандыру қажет.
  • Өкпеңізді суық тиюден қорғаңыз. Ол үшін шарф не бетперде тағып жүріңіз, шарф арқылы өткен ауа жылынып үлгереді және тыныс алу жолдары мен өкпеге зиян тигізбейді.

Айта кетейік, бұған дейін қыстың адам денсаулығына қандай зияны бар екені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Дәріні шаймен ішуге бола ма?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә