Жамбыл облысындағы жолдарда көлік қозғалысына қайта шектеу енгізілді

Жамбыл облысындағы жолдарда көлік қозғалысына қайта шектеу енгізілді
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен

Жаңбырға байланысты Жамбыл облысы жолдарында көктайғақ пайда болып, көлік қозғалысына қайта шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдыңғы түнде жолдар қардан тазартылған соң Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарындағы жолдардың кейбір учаскесінде шектеу алып тасталды. Магистральдарда жиналған көліктер Алматы мен Шымкент қалаларына қарай жылжи бастады.

"Алайда 16 желтоқсанда таңғы сағат 4-те Жамбыл облысында нөлден төмен температурада жаңбыр жауып, қатты көктайғақ пайда болды. Осы себепті жол қайтадан жабылды. Осылайша, қазіргі уақытта ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (нөлден төмен температурада жаңбыр, боран) 4 облыста: Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облысында республикалық маңызы бар жолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан