Қыста өкпеңізге суық тимеуі үшін қалай дұрыс тыныс алу керек?

Қыста өкпеңізге суық тимеуі үшін қалай дұрыс тыныс алу керек?
Фото: unsplash.com

Суықта дұрыс тыныс алу біршама аурудан қорғайды. Бірақ кейбір адамдар мұны қалай істеу керегін білмейді. Өкпеге суық тимеуі үшін суықта қалай демалу керегін оториноларинголог, жоғары санатты дәрігер Дмитрий Шубин айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, тыныс алған кезде ауа мүмкіндігінше жылы болуы керек, сондықтан ауызбен емес мұрынмен дем алған жөн. Себебі дем алу және шығару кезінде ауа мұрын-жұтқыншақ жолдары арқылы өтіп, жылиды.

"Ал ауызбен дұрыс тыныс алу үшін ерніңізді алдыға шығарып, тілді таңдайға қарай көтеру керек. Осылайша ауа жоғарғы тыныс жолдарынан баяу өтіп, жылынады", - дейді оториноларинголог.

Сонымен қатар, дәрігер желге қарама-қарсы дем алмау керегін ескертті. Қатты желден қашу мүмкін болмаған жағдайда, ауыз бен мұрынды қолмен жапқан дұрыс, бұл тыныс алу жылдамдығын төмендетеді. 

Бұдан бөлек, қыста жүрігу не жаттығу жасаудан аулақ болған абзал. Өйткені физикалық белсенділік кезінде тыныс алу жиілейді, бұл тыныс жолдары үшін қауіпті. 

Дәрігердің айтуынша, қыста мойын мен бетті орау үшін қолданылатын шарфты үнемі жуып, үтіктеп, таза ұстау керек. Әйтпесе шарфта патоген үшін жайлы орта саналатын кондетсат түзілуі мүмкін. 

"Негізінен қыста киімді дұрыс таңдап үйренген дұрыс. Мүмкіндігінше денеде тері ашық қалмауы үшін жабық киімдер киген жөн. Әсіресе, мойын мен кеуде тұсы жылы тұруы қажет, оған қоса бұл дене бөліктеріне суық тез тиеді, ал бұл иммунитеттің төмендеуіне әкеп соқытруы мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер.

Оториноларинголог мойыннан бөлек құлақты да жылы ұстау керегін еске салып, шаш жуғаннан кейін бірден сыртқа шығу адам денсаулығына қауіп төндіретінін еске салды. 

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер "қыста бас киімсіз жүру менингитке шалдығу қаупін арттыра ма?" деген сұраққа жауап берген болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтеріліске байланысты қандай поэтикалық шығармалар бар?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә