"Жаңбыр жауып тұр". Алматы облысында халықаралық тасжол учаскесі жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы - Ташкент - Термез тасжолының учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Алматы облыстық филиалы мәліметінше, Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі автокөліктің барлық түріне сағат 08.50-ден бастап жабық болады.

Қазір ол жерде 0 градустан төмен және жаңбыр жауып тұр. Жолды мұз басқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!