"Жаңбыр жауып тұр". Алматы облысында халықаралық тасжол учаскесі жабылды
!["Жаңбыр жауып тұр". Алматы облысында халықаралық тасжол учаскесі жабылды](/userdata/news/news_97035/image_l.jpg)
Фото:
Tengrinews.kz
Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы - Ташкент - Термез тасжолының учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Алматы облыстық филиалы мәліметінше, Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі автокөліктің барлық түріне сағат 08.50-ден бастап жабық болады.
Қазір ол жерде 0 градустан төмен және жаңбыр жауып тұр. Жолды мұз басқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан