Қазақтар соғыс кезінде жойыла жаздаған асыл тұқымды жылқыны сақтап қалған

Ресейдің Ставрополь өлкесіндегі Терск жылқы зауытының ғасырдан аса тарихы бар. Таза қанды, асыл тұқымды араб жылқыларын өсіретін шаруашылық әлемге әйгілі. Бәйгеге түсетін сәйгүліктер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кете жаздаған. Қауіп төнген кезде киелі сәйгүліктерді қазақтар сақтап қалғанын біреу білсе біреу білмейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

"Терск" ат зауытының атауына түбі түркі "Терек" топонимі негіз болған. Мұнда 135 жыл бойы таза қанды араб жылқысы өсіріледі. Сонымен қатар, Франция, Польша, Англиядан алып келінген жылқыларды будандастырудың нәтижесінде "Терск" деген жаңа тұқым пайда болған. Дегенмен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде асыл тұқымды жануарларға жойылып кету қауіпі төнген, сәйгүліктерді қазақтар сақтап қалады. Д

"Жау Минералды сулар станциясын бомбалап, шаруашылыққа қауіп төнді. Сол кезде аса құнды жылқыларды пойызбен Қазақстанға жеткізу туралы шұғыл шешім қабылданады. Көп ұзамай 375 жылқы эшелонға тиеледі. Қалғандарын айдап апарды. Бізден бөлек Ростов, Краснодар зауыттары да көшірілді. Ондағы аттар Қазақстанға Жайық арқылы үйір үйірімен айдап, жеткізілген.  Соғыстан кейін жылқылар Ставрополь өлкесіне қайта жеткізіледі. Қазір Терск ат зауытында үш жүзге жуық жылқы бар. Оның ішінде 260-ы таза қанды араб сәйгүлігі. Шаруашылық қазақстандық әріптестерімен тығыз байланысын үзген емес", - дейді селекционер Владимир Самойленко. 

Соғыстан кейін жылқылар Ставрополь өлкесіне қайта жеткізіледі. Қазір Терск ат зауытында үш жүзге жуық жылқы бар. Оның ішінде 260-ы таза қанды араб сәйгүлігі. Шаруашылық қазақстандық әріптестерімен тығыз байланысын үзген емес.

"Олар - нағыз кәсіпқойлар. Қазақстанда араб тұқымы ғана емес, ағылшындардың таза тұқымын жазбай танитын атбегі көп. Жарыстарға қатысып, үнемі жүлде алып жүрген сәйгүліктері қаншама?! Биыл Қазақстаннан келген Кәбірхан атты ағылшынның асыл тұқымды айғыры Ресейдегі бәйгелерде бірнеше рет жүлделі орын иеленеді", - дейді Терск жылқы зауытының бас зоотехнигі Ольга Бирюкова. 

Терск зауытының арғымақтарын шетелдіктер де өте жоғары бағалайды. 2005 жылы осы шаурашылықтан шыққан Пеле атты дүлдүл АҚШ-қа үш миллион долларға сатылған. Бұл ТМД елдеріндегі баға бойынша әлі де теңдесі жоқ рекорд.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!