АҚШ елшілігінің қызметкерлері Қожа, Жібек және Тайлақ "болып көрді"

АҚШ елшілігінің қызметкерлері Қожа, Жібек және Тайлақ "болып көрді"
Фото: видеодан алынған кадр

АҚШ елшілігінің қызметкерлері Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі бұл видеоларды Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Елшілік қызметкерлері "Тақиялы періште", "Қыз Жібек", "Махаббат бекеті", "Менің атым Қожа" сияқты өткен ғасырда түсіріліп, қалың көпшіліктің жүрегін жаулап, әлі күнге дейін көрсетіліп жүрген фильмдердің үзінділерін ағылшын тіліне аударып, оны дыбыстаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Желі қолданушылары бұл видеолардың астына "Мықты екен, Қазақстан мен АҚШ байланысы бүкіл салада дамысын, жарайсыңдар", "Керемет. Америкалықтар таңғалдырудан бірінші болып келе жатыр", "Сіздердің дыбыстауыңызда фильмдерді ағылшынша көрер едім", "Идея кімдікі болса да, өте жақсы ой болыпты" деп пікір жазып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от U.S. Embassy to Kazakhstan (@usinkz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан