"Кім не десе, о десін". Дина Төлепберген хейтке қатысты кеңес берді

"Кім не десе, о десін". Дина Төлепберген хейтке қатысты кеңес берді
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген хейтке қатысты кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Хейт десек, қазір бәрі қорқатын заман болды. Хейт - ол слэнг сөз. Негізгі мағынасы "жек көру" екен. Егер сізге 100хейт түссе, оны жазып отырған әртүрлі адам емес, бір адам да болуы мүмкін! Өйткені біздің елімізде хейт жазуға жұмысқа алатын жасақтар бар. Көбіне бұл әдіс саясатта қолданылады. Бастысы - жөні түзу сын мен хейтті шатастырмау.

Жалпы позитивте жүру үшін менің ұстанатын принциптерім:

1. Сіз туралы басқалардың не ойлайтыны - сіздің проблемаңыз емес!

2. Өзіңізді қалай бағалайтыныңыз және өзіңіз туралы не ойлайтыныңыз ғана құнды.

3. Қатты ашулансаңыз, сабырға келуге тырысыңыз! Уақыт бәрін емдейді.

4. Әр қиындықтан сабақ ала білсеңіз, ол Сізді күштірек етеді.

5. Сіздің бақытыңызға өзіңізден басқа ешкім себеп бола алмайды!" - деп жазған ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек