IBА Сhampions Night. Серік Теміржанов пен Ерасыл Жақпеков қарсыластарына есе жіберді

Астанадағы "IBА Сhampions Night" бокс кеші жалғасуда. Асланбек Шымбергеновтен кейін шаршы алаңға шыққан Ерасыл Жақпеков пен Серік Теміржанов қарсыластарынан айласын асыра алмады. 

80 килоға дейінгі салмақта Ерасыл Нидерланд елінен келген Градус Клауспен жұдырықтасты. Алты раунд қорытындысы бойынша төрешілер қарсыласын жеңімпаз деп таныды. 

63,5 кило салмақта жұдырықтасуға шыққан Серік Теміржановтың да жолы болмады. Ол ресейлік Павел Феодоровқа төрешілер шешімімен есе жіберді. 

Айта кетейік, осыған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан қарсыластарын ұтып шыққан еді. Ал ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Мексикадан келген кәсіпқой боксшыдан нокаутпен ұтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!