Жетісу облысында пәтер ұрлығымен айналысқан 11 ұрылар тобы ұсталды

Жетісу облысында пәтер ұрлығымен айналысқан 11 ұрылар тобы құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған адамдардың пәтерлер мен жеке үй құрылыстарынан 55 ұрлық жасауға қатысы бар екені дәлелденді. 

Кейінгі факт Текелі қаласында тіркелді, онда тәртіп сақшылары екі адамнан тұратын ұрылар тобын ұстады, олардың қазір бірнеше ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Жыл басынан бері пәтер ұрлығына күдікті 230 адам ұсталды. Талдауға сәйкес ұрлықтың негізгі бөлігін жәбірленушілердің таныстары мен жақындары жасаған. Сондай-ақ терезені айналдыру жолымен үйлер мен пәтерлерге кіру, кілттерді таңдау және бұзу фактілері де тіркелген", - делінген хабарламада.  

Осы жылы өңір полициясының күшімен жәбірленушілерге жалпы сомасы 42 миллион теңгеге жуық шығын өтелді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!