Шымкентте 15 бала түнгі уақытта клубта жүрген: ата-анасы да, кәсіпкерлер де жазаланды

Шымкентте 15 бала түнгі уақытта клубта жүрген: ата-анасы да, кәсіпкерлер де жазаланды
Фото: polisia.kz

Шымкентте түнгі ойын-сауық орындарында болған жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 15 баланы анықтады. Олардың ата-анасы жауапқа тартылды.

Заңды өкілдерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша хаттама толтырылды. Ал мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекстің 132-бабына сәйкес айыппұл салынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан