Дәрігер бүйректе тас түзілуінің алдын алуға көмектесетін тағамдарды атады

Дәрігер бүйректе тас түзілуінің алдын алуға көмектесетін тағамдарды атады
Фото: nutricionistadeperros.com

Уролитиямен (бүйректе тас жиналу) ауыратын адамдар дәрігер рұқсат берген тағамдарды ғана жеуі керек, бұл жаңа тастың түзілуінің алдын алады және ескісінің тез жойылуына көмектеседі. Бұл туралы сарапшы Екатерина Курбатова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Pravda.Ru-ға" сілтеме жасап.

Сонымен, маман ең алдымен ас мәзірге зәрдің рН деңгейін төмендететін және зәр қышқылы кристалдарының тұнбасына ықпал ететін тағамдарды қосуға кеңес берді. Оларға сүт өнімдері, нан, тары, қарақұмық, арпа, арпа жармасы сияқты В6 дәруменіне және магнийге бай тағамдар жатады.

Бұдан бөлек, әртүрлі көкөніс пен жеміс, майсыз балық пен ет, сондай-ақ құрамында кальций бар тағамдарды көбірек тұтынған жөн. Екатерина Курбатованың айтуынша, бүйрегінде тасы бар не ота жасалған адамдар сәбіз, картоп, қауын, алмұрт, қызанақ және қарбыз жемеуі керек, өйткені бұл тағамдар зәрдің рН деңгейін жоғарылатады.

Сонымен қатар, егер бүйректе тастың жиналуы өршіп тұрса, ас тұзы мен көмірсуларды тұтынуды азайтқан дүрыс.

"Дегенмен, диетаға өзгерістер енгізбес бұрын маманмен кеңесу маңызды", - деп қорытындылады дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін бүйрегінде тас жиналған адамға не істеуге болмайтыны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Әлемде қанша мұхит бар? 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә