Кран суы қандай ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін және оны қалай тазартуға болады?

Кран суы қандай ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін және оны қалай тазартуға болады?
Фото: Freepik.com

Үйдегі кран суын ішу денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін. Өйткені ол бірнеше жылдан бері жаңартылмаған, ескі, қабырғалары тот басқан, бактериялары бар құбыр арқылы өтеді. Бұл туралы дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Владимир Неронов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, адам ағзасына ескірген құбыр қабырғаларында жиналған тот пен бактериядан басқа, суға араластырылған хлор мен оның қосылыстары ерекше қауіп төндіреді. Негізінен хлорды ауыз суды дезинфекциялау үшін қосады және ол шынымен тырысқақ, іш сүзегі және дизентерия қоздырғыштарын өлтіреді. Бірақ ағзада көп мөлшерде жиналған хлор түрлі ауру тудыруы мүмкін.

"Мұндай ағын су шырышты қабық, тері және ішкі ағзалардың ауруларын тудыруы мүмкін. Әрине краннан алынған бір шыны су аса қатты зиян тигізбейді, бірақ оны жүйелі түрде ішу қауіпті. Бұдан бөлек, құрамында хлор бар суға шомылғаннан адам терісі мен шашы құрғап, көзі ашиды", - дейді дәрігер.

Дәрігердің сөзінше, ең дұрысы бөтелкедегі тазартылған суды ішу керек. Ал оған мүмкіндігіңіз болмаса, үйдегі кран суын тазартуға тырысыңыз.

Бірінші әдіс, суды біршама уақытқа қалдыру. Егер суды бір ыдысқа құйып алып, бірнеше сағатқа қалдырсаңыз, судағы артық заттар түбіне жиналады, ал хлор буланып кетеді. Бірақ бұл әдіс зиян микроағзадан қорғамайды. 

Екінші әдіс, қайнату. Суды қайнатқанда жоғары температурадан біршама бактерия өледі. Алайда тұз, хлор және зиян заттар бір-бірімен әрекеттесіп, олардың судағы мөлшері артуы мүмкін.

Үшінші әдіс, суды сүзу. Әсіресе кері осмос жүйесін қолдану арқылы тазарту жақсы нәтиже береді.

"Мұндай жүйенің негізгі компоненті - су молекулаларын қалдыратын жартылай өткізгіш мембрана. Содан кейін су минералданып, ағзаға пайдалы минералдармен қанықтырылады", - деді инфекционист дәрігер.

Маман егер шәйнектің түбінде қақ көп жиналса, судың жағымсыз дәмі не иісі болса, оны тазалап ішуге аса көңіл бөлу керегін ескертті. Ал судың күйін нақты анықтау үшін су сынамасын зертханаға тапсырған жөн, сонда суды тазарту оңайырақ болады. 

Айта кетейік, бұған дейін суды жағымсыз иістен қалай тазартуға болатыны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Отқа байланысты қандай ырымдар бар?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә