"Салтанатқа ұқсайтын қызды қамап ұстаған". Нүкенованың ағасы қарындасының өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті

"Салтанатқа ұқсайтын қызды қамап ұстаған". Нүкенованың ағасы қарындасының өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті
Фото: instagram/_salta_n

Астанадағы мейрамханалардың бірінде адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов оқиғаға қатысты бірнеше деректермен "Ертысбаев Live" youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Бишімбаев гастро-барға Салтанатқа ұқсайтын қызды шақырған.

арындасым біраз уақыт вип-залдан шықпай қойған. Осы уақытта Салтанат қайтыс болып кетуі мүмкін деп ойлаймын. Сол уақытта, яғни түстен соң Бишімбаев қарындасым Салтанатқа ұқсайтын бір қызды гастро-барға шақырып, 1,5 сағат көрші кабинкада ұстап отырған. Тағы бір нәрсе, Бишімбаевты тұтқындаған кезде одан қарындасымның әшекей бұйымдары табылды. Яғни, ол қарындасымның барлық әшекей бұйымдарын шешіп алған. Ал інісі Салтанаттың сырт киімі мен басқа жаңа киімдер алып келген. Менің ойымша, олар қарындасыма ұқсайтын қызды көндіріп, киімі мен әшекейлерін тағып, Салтанаттың өзі гастро-бардан шығып кеткен секілді камерадан көрсеткісі келді. Біздің күдігіміз осы", - деді Салтанаттың ағасы.

Сондай-ақ, Қайрат Нүкенов Бишімбаевтың туыстары кешірім сұрамағанын айтты.

"Оқиға өткен соң туыстары Павлодарға келді. Бишімбаевтың әкесі мен ағасын көрдім. Бірақ осы уақытқа дейін туыстарынан кешірім сұрап, ешкім алдымызға келген емес", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін "Сау жері болмады". Салтанат Нүкенованың туыстары істі тергеуге қатысты алаңдаушылық білдіргені туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Моғолстанға Қазақстанның қазiргi қай бөлiгi ендi?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы