Жетісу облысында әйел қар құрсауында босанып қоя жаздады

Жетісу облысында әйел қар құрсауында босанып қоя жаздады
Фото: Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Жедел-құтқару жұмыстары кезінде Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрып қалған автокөлікті қар құрсауынан қауіпсіз, тазартылған жол учаскесіне сүйреп апарды. Көлікте1989 жылы туған жүкті әйел болған. Сол кезде әйелдің толғағы қысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Эвакуациядан кейін әйел Үшарал қаласындағы перзентханаға жеткізілді.

Қазір облыста қар құрсауынан 43 адам құтқарылды, оның 4-і бала. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

"Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын ауа райын  бақылауға шақырады. Ауа райына байланысты ескерту хабарламаларын назарда ұстап, қажет сақтық шараларын қолданыңыз. Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз. Алыс сапарға шығар алдында жолдың жабылуы туралы ақпаратты "ҚазАвтоЖол" АҚ ресми сайтынан білуге ​​болады", - деп хабарлады Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек