Дәрігер құлақтың ауыруы қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты

Дәрігер құлақтың ауыруы қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты
Фото: Freepik.com

"СМ-Клиника" оториноларинголог-дәрігері Алигусейн Әлиев құлақтың ауыруы қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін және оны қалай емдеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Құлақтың ауыруы әдетте отиттің белгісі болуы мүмкін. Отит - сыртқы және орта немесе ішкі құлақтың қабынуы. Егер отиттің түрі сыртқы және ортаңғы болса, ауырсыну қарқынды болып, құлақ бітеліп, есту қабілеті төмендейді. 

Құлақ жедел респираторлық аурулардың әсерінен қабынады. Дәрігер құлақ ауырсынған кезде ауырсынуды басатын дәрінің кішкене мөлшерін ішуді ұсынды немесе құлаққа арналған тамшыларды қолдануға болады. Бірақ мұндай тамшыларды құлақ қалқаны жарылған адамдарға қолдануға болмайды. 

"Егер, құлағыңыз қатты ауырған кезде шырыштың бөлінгенін байқасаңыз, оны өзіңіз емдеуге тырыспағаныңыз абзал", - деді маман.

Сондай-ақ, дәрігер құлақтың ауыруы оталгия сияқты аурумен де байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Егер адамның мойынына суық тисе, құлақпен байланысы бар нерв қабынып, салдарынан құлақ ауырады. Мұндай жағдайда ауырсынуды басатын дәрі ішіп, диагноз қойып, емдеу үшін дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Айта кетейік, бұған дейін құлақ ауырған кезде не істеу керегі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған қай ел?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә