Сыртқы істер министрі: Газа секторынан қазақстандықтардың барлығы дерлік эвакуацияланды

Сыртқы істер министрі: Газа секторынан қазақстандықтардың барлығы дерлік эвакуацияланды
Фото: depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялаудың қалай өткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеудің хабарлауынша, Газа секторында біршама қазақстандық өмір сүрген, сондықтан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның басқа мемлекеттік органдарымен бірлесіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында әскери ұрыс аймағынан эвакуациялық рейстерді ұйымдастырып, 127 адамды, оның ішінде олардың отбасы мүшелерін өз еліне әкеткен.

Оның мәліметінше, Газадан бір Қазақстан азаматы мен оның 10 отбасы мүшесі (Палестина азаматтары) өз еркімен эвакуациядан бас тартқан.

"Министрлік пен шет елдердегі мекемелер жағдайды бақылауды ұстап отыр және қазақстандықтардан өтініш түссе, эвакуациялауға дайын", - деді СІМ басшысы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан