Шымкентте тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Шымкентте тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкентте тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10:24-те Абай ауданы Коммунизм бөлімшесі Қосдиірмен көшесі 56 үйде (жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімінен 4,1 шақырым), газ қазандығы тарсылдаған, салдарынан жалпы көлемі 100 шаршы метр тұрғын үйдің шатыры толығымен, көлемі 18 шаршы метр бастырма және көлемі 18 шаршы метр уақытша тұрғын үйдің шатыры жанды.

Өрт 11:10-да оқшауланып, 11:40-та толығымен сөндірілді. Оқиға орнында үй иесінің баласы 1994 жылғы туған Х.А.Дихканов өлі табылды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 3 дана техника және апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер, 1 дана техника жұмылдырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан