Елімізде Калашников автоматының өндірісі неге тоқтады? Вице-министр жауап берді

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков Қазақстанда Калашников автоматының өндірісі неге тоқтағанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат кулуарында БАҚ өкілі вице-министрге сұрақ қойды.

"Қазақстанда АК-74 автоматы шығарылады деген ақпарат жарияланған. Бұл қарудың өндірісі жолға қойылды ма?", - деді ол.

Азамат Бейісбеков бұл мәселеге түсінік берді.

"Ақмола облысындағы "Тыныс" кәсіпорны автомат шығарған. Сіз айтқан өндіріс сол жерде ұйымдастырылды. Бірақ қазір өнім белсенді шығарылып жатқан жоқ. Өйткені нарық пен қажеттілік шектеулі... Қазақстанда қару-жарақ экспортына шектеу қойылды. Сондықтан қазір өндіріс уақытша тоқтатылды ", - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанда Калашников автоматтарын жинау жоспарланып отырғаны хабарланды.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!