Мал қайыруға кетіп, оралмаған: Павлодар облысында жоғалған жылқышы табылды

Мал қайыруға кетіп, оралмаған: Павлодар облысында жоғалған жылқышы табылды
Фото: ІІМ

Павлодар облысының полицейлері жоғалған жылқышыны іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 желтоқсанда кешке Ертіс ауданы Төбелес ауылынан 47 жастағы жылқышы жайылымға мал қайыруға кетіп, оралмаған. Оның телефоны өшірілуі болған. Сондықтан Андрей жұмыс істеген шаруа қожалығының басшысы дабыл қағып, полицияға жүгінді.

Полицейлер қоңырау түскен бойда жылқышы болуы мүмкін деген жерлердің бәріне барды. Олар бес сағаттан кейін жылқы мен жылқышыны тапты. Андрей аяз салдарынан бағдардан адасып, ауылға жете алмағанын айтты. 

"Далада іздеу қиын, әсіресе, қай бағытқа барарыңды білмесең, бірақ әріптесім екеуміз өзімізді тез бағдарладық, өйткені өзіміз ауылдық жерде өстік. Бірнеше сағаттан кейін Шұбарат және Майқоңыр ауылдары арасында жоғалған жылқышыны таптық. Ол әлсіреген, қатты тоңған, осы уақытқа дейін далада жүріп қатты жаураған. Біз оған алғашқы көмек көрсетіп, көлікті жылытып, ыстық шай беріп, үйге апардық. Біз үшін ең бастысы Андрейді тірі табу болды", - дейді Қанатбек Кәрібаев. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова