Каспий теңізінің кейбір жерлерін мұз басты: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады

Аяз салдарынан Каспий теңізінің кейбір жерлерін мұз басты. Құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы ТЖД өкілдерінің айтуынша, адамның қауіпсіз қозғалысы үшін мұздың қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек. Қазіргі таңда, теңіз жағалауын 2 саниметрге мұз басқан, бұл адамның салмағын көтере алмайды.

Сол себепті Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:

  1. мұзға жеке немесе топпен шығуға болмайды;
  2. көлік құралдарымен мұзға шығуға болмайды;
  3. балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Mańǵystaý oblysynyń TJD (@mangystau_tjd)

Мұздағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау көбінесе қайғылы жағдайларға әкеледі.

Сонымен қатар, су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412 және 364-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина