Қарағанды тұрғыны ақылы автотұрақ кассасынан ақша ұрлаған

Қарағандыда ақылы автотұрақ кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды полиция басқармасына 46 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші әйел жеке кәсіппен айналысып, автотұрақ ұстайтыны белгілі болды.

Оның айтуынша, тұрақ күзетшісі белгілі бір себептермен жұмыс орнынан біршама уақытқа шығып кеткенде, бейтаныс біреу осы сәтті пайдаланып, кассадан 200 мың теңге ақша ұрлап кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды.

Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сәйкес іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз