"Екпе алмаған". Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған

Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған. Бір бала бір жасқа да толмаған, ал қалғандары бір жастан беске дейінгі балалар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Балалар бұл инфекцияға қарсы екпе алмағаны атап өтілді. Үш баланың ата-анасы жеке сеніміне байланысты екпеден бас тартқан.

"Көкжөтел - Bordetella тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ауру катаральды белгілері бар пароксизмал жөтелмен сипатталады. Бұл жағдайда науқаста жүрек-қан тамырлары, тыныс алу органдары және жүйке жүйесі зақымдалады", - деп түсіндірді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досумова.

Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін. Ең тиімді профилактикалық шара - екпе алу. Вакцинация ата-анасының рұқсатымен балаларға жүргізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!