Атырау мұнай және газ университетінде алғашқы климаттық диалог өтті

Атырау мұнай және газ университетінде алғашқы климаттық диалог өтті

13 желтоқсанда Дубайда БҰҰ-ның 28-ші Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP28) өтті. Өз қарарында COP28 қатысушылары климатты сақтау үшін маңызды шаралар қабылдауға шешім қабылдады. Осы бастамалар аясында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті "Климаттық диалог: өзара іс-қимылдың тұрақты стратегиялары" форумын өткізді.

"Барлығы үшін орнықты болашақты қамтамасыз етуге тұрақты міндеттеме, амбиция және нақты әрекет қажет. АтМГУ Қазақстанның жаһандық жылынуды 1,5 градусқа дейін шектеу жөніндегі ұстанымын қолдайды. Университет өзінің ESG Тұрақты экологиялық даму саясатын бекіткенін хабарлайды және одан әрі дамуда қатаң ұстануға міндеттенеді", - дейді Басқарма төрайымы-ректор Гүлзада Шакуликова.

Бүгінгі диалог алаңында ұсынылған маңызды бастама - 2033 жылға қарай кампустың толық нөлдік көміртегі бейтараптығына (Carbon Net Zero) қол жеткізу және университет кампусын дамытудың Жол картасы.

Жол картасы нақты кезеңдерді, қажет ресурстарды және жыл сайын толығымен жасыл кампусқа қарай біртіндеп қозғалыстың нақты көрсеткіштерін қамтиды.

Университет алдағы 10 жылда мұнай-газ аймағындағы энергетикалық трансформацияны, топырақ пен атмосфераны және суды үнемдеуді өз үлгісімен көрсетуге тырысады.

Диалог алаңында Қазақстандағы БҰҰ және БҰҰДБ өкілдері, Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев, ірі қазақстандық және халықаралық өнеркәсіптік компаниялар басшылығы (ТШО, NCOC, Wika, KPI, АМӨЗ), Қазақстан Экономикалық зерттеулер институты сияқты ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдері бас қосты. 

Батыс Қазақстан өңірі республикадағы көміртегі энергияның негізгі көзі бола отырып, климаттың өзгеруіне байланысты апатты әсерлер мен процестерді бастан кешіріп жатыр. Атырау мұнай және газ университеті мұнайлы өңірдің климаттық болашағы үшін өз жауапкершілігін сезіне отырып, ойлау, оқыту, зерттеу және амбициялық климаттық әрекеттің үлгісін жасауда трансформация драйвері болуға ұмтылады.

Университет миссиясы - аймақ пен қоғамдастықтың эволюциялық драйвері болу, университет көмірсутегі әлемімен қоршаған ортада үйлесімді өмір сүруге, оқуға және жұмыс істеуге болатынын көрсетеді.

ЖАРНАМА МАТЕРИАЛЫ

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!