Шымкентте жер үйден өрт шықты

Шымкентте жер үйден өрт шықты
Фото: Видео кадры

Шымкентте жер үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Нұртас шағынауданындағы Жасталап көшесінде болған.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәліметінше, үйдің шатыры өртенген. Өрт 25 минутта сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 4 бірлік өрт сөндіру техникасы, жеке құрамның 21 адамы, ТЖД филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Құтқарушылар қала тұрғындарын сақ болуды сұрады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек